1.2 C
Munich
Суббота, 23 ноября, 2024

ҚАРТТАРЫМЫЗ – ҚАЗЫНАМЫЗ

Оқылып жатыр

АУДАН ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН КЕЙУАНАНЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент кентінің 103 жастағы тұрғыны Азия Сердалиеваның шаңырағында болды.

Бақыт Насырханұлы ғасыр жасаған кейуананы көктемнің шуақты мерекесімен арнайы құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті.

Әулетінің ақылшысы, береке-бірлігінің ұйытқысы болып отырған әжейге аудан басшысы зор денсаулық пен амандық тіледі. Сондай-ақ, мерекемен құттықтай келген аудан басшылығына Азия әжей ақ батасын беріп, елге жасап жатқан қызметтері үшін алғыс айтты.

Азия Сердалиева әжей 1915 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған қаласында дүниеге келген. 1956 жылы тұрмысқа шыққан. Қазіргі таңда 8 бала-шағасынан 33 немере, 90 шөбере, 26 шөпшек, 26 немене көріп отыр.

Айта кетейік, Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Б.Асанов, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, «Аманат» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Досым Асабаев бастаған топтар ауылдарды аралап, тыл ардагерлерін, жалғызілікті қарттарды, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы аналарды мерекемен арнайы құттықтап барды.

 

 

 

 

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар