8.3 C
Munich
Вторник, 17 сентября, 2024

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ПАРТИЯЛЫҚ БИЛЕТТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Оқылып жатыр

«AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асабаев Досым Тұрғанбайұлы мен аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Әжіқабылов Мұхтар Дүйсебайұлы «Достық» бастауыш партия ұйымының мүшелеріне жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыстады.

Табыстау барысында партия ең алдымен ортақ құндылық аясында біріккен мүдделес азаматтардың үйымы екенін атап өтті.

Өз кезегінде партия тек қана саяси маңызы бар мәселелерге қатысып қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың мәселелерін шешу үшін де қызмет ететіндігін жеткізді. Аталған іс шараға ауылдық округі әкімі, Достық БПҰ төрағасы және БАҚ өкілдері қатысты.

«AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы жанынан құрылған «Еңбекші» бастауыш партия ұйымының мүшелеріне де жаңа үлгідегі партия билеттері табысталды. Айта кетейік, аудандық филиалда ескі партиялық билеттерді жаңа үлгідегі билеттерге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта барлық бастауыш партия ұйымдарының мүшелеріне кезең-кезеңімен жаңа үлгідегі партия билеттері тапсырылып, толығымен ауыстырылады.

 «AMANAT» партиясы

Мақтаарал аудандық филиалы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар