1.2 C
Munich
Суббота, 23 ноября, 2024

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА САРАПТАМА ЖҮРГІЗІЛДІ

Оқылып жатыр

        Жуырда «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы жанынан құрылған аудан бойынша азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері сауда орындарын аралады. Атап айтқанда, аудан орталығында орналасқан «Смадияр» базары мен «Имран» және «Құнанбай» сауда орындарында аудан тұрғындарына қажетті азық-түлік пен тағы басқа да қажетті өнімдері бағасының тұрақты-лығына сараптама жұмыстарын жүргізді.
Сараптама барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер ассортиментінің толық екендігі анықталды. Бағаларды негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да аудан аумағындағы сауда орындары мен базарларындағы тауарлардың бағасына мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратын болады.
Бүгінгі күні қымбатшылық қыспаққа лаған кезде халық күнделікті тұтынатын аса қажетті азық-түлік тауарларының бағасын өсірмей, оны тұрақты бір деңгейде ұстап тұруын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады.

«AMANAT» партиясы
Мақтаарал аудандық филиалы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар