2.7 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Оқылып жатыр

      Биыл Мақтаарал ауданында 6 миллиард теңгеге 9 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Жуырда аудан әкімі Бақыт Асанов құрылыс нысандарын аралап, олардың сапасын бақылап, тексерді.

Бүгінгі күні 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 300 орындық 2 мектеп, 200 орындық 4 мектеп бар. Атап айтқанда, Иіржар ауылдық округі Алаш ауылындағы 300 орындық «Жас алаш» мектебінің құрылысы, А.Қалыбеков ауылдық округі Абат ауылындағы Ж.Нұрлыбаев атындағы 300 орындық мектеп, Бірлік ауылдық округі, Еркінабад ауылындағы 200 орындық №113 мектеп, Иіржар ауылдық округі Азамат ауылындағы 200 орындық Х.Алимжан атындағы мектеп, Жаңа жол ауылдық округі Нұрлыжол ауылындағы 200 орындық Нұрлыжол мектебі, Бірлік ауылдық округі Өркениет ауылындағы 200 орындық мектеп құрылыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Мырзакент кентіндегі Мадиходжаев көшесінің бойынан әкімшілік ғимаратының құрылысы, кент аумағынан спорт сарайының құрылысы мен №2 әкімшілік ғимарат құрылысы, Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев ауылы мен Жамбыл ауылдық округі, Жалын ауылынан мәдениет үйі мен кітапхананың құрылыстары салынуда. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталғаннан соң Мырзакент кентінде орталық саябақтың құрылысы да басталатын болады.
Құрылыс нысандарын аралау барысында аудан басшысы тиісті сала басшыларына талап қойып, орын алған кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Сондай-ақ, белгіленген графикке сәйкес құрылыс нысандарын ел игілігіне тапсыру керектігін айтты. Айта кетейік, биыл Достық ауылдық округі, Ж.Қалшораев ауылына, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы ауылына 200 орындық мәдениет үйлерінің және Мырзакент кентінде кәріз жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленетін болады.

Мақтаарал ауданы әкімінің
баспасөз қызметі.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар