МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ЖАҢА ҚАБЫЛДАНҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Қазақстан Республикасының Мелекеттік қызмет істері агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлердің салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті.
Іс – шараға Департамент басшысыӨ.Балажанов, мемлекеттік қызмет ардагері Г.Нұрпейісова және департамент қызметкерлері қатысты.
Ө.Балажановжас мемлекеттік қызметшілердің ант беруінің маңыздылығын, халықпен мемлекет алдындағы зор жауапкершілігі туралы және мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттеріне адал қарау керектігін атап өтті.
Антты сынақ мерзімінен сәтті өткен Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету секторының бас маманы Е.Ерланұлы, Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының Камералдық кедендік тексерулер бөлімінің жетекші маманы Н.Мұратұлы, Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы С.Ғалымжанқызы және Түркістан облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасы №2 аудит бөлімінің бас маманы А.Балтабайқызы қабылдады.
Олар Қазақстан халқына адал және кәсіби қызмет етуге, сондай-ақ,Конституция мен елдің заңнамасын сақтауға ант берді.
Сонымен бірге, ант беру рәсімінен кейін әділет органдарында 36 жылдан астам қызмет атқарып, мемлекеттік қызметтен зейнетке шыққан Г.Нұрпейісовамен кездесу өтті.
Кездесуде Г.Нұрпейісова өзінің еңбек жолындағы тәжірбиесімен бөлісіп, жас мемлекеттік қызметшілерге қызмет барысында адалдықтан таймау, азаматтармен қарым-қатынаста мемлекеттік қызмет әдебін сақтау және сапалы қызмет көрсете білу керектігін айтты.
ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаменті.