0.5 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!

Оқылып жатыр

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 25-қазан – Республика күні ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны болып табылады.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді» деді.
Жоғары Кеңестің қаулысымен Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдануымен Қазақ КСР-нің егемендігі, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Онда тұңғыш рет аумақтардың тұтастығы, бөлінбейтіні және мызғымастығы, Қазақстан халықтары мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары бекітілді. Сондай-ақ, құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді дербес шешу принциптері жарияланды. Қазақ КСР-і өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығына ие болды. Ал Президент әкімшілік-атқарушы жоғары биліктің басшысы болып танылды. Декларацияның арқасында біз кеңестік заңдарды тоқтата алдық және өзіміздің заңдарымызды қабылдай бастадық. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заң қабылданды.
Тарихи мәні терең, идеологиялық қуаты мықты айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Ұлттық мереке мәртебесін алған Республика күнін атап өту Әділетті Қазақстанға қызмет ететін әрбір азамат үшін айрықша мәнге ие ерекше күн ретінде санамызда жаңғыра беретін болады.
Қадірлі жерлестер!
Тарихи әрі идеологиялық мән-маңызы зор, тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін! Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріміз табысты, барлық бастамаларымыз сәтті болсын! Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, жақсылық тілейміз!

Б.АСАНОВ,
аудан әкімі.
Қ.СӘРСЕКБАЕВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар