2.7 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Оқылып жатыр

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

         Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өз таңдауын жасады. Өңір басшысы ел тағдыры үшін маңызды саяси науқанға атсалысты. Облыс әкімі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәдениет орталығында орналасқан №133 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. Түркістан облысы бойынша 919 сайлау учаскесі бар. Оның 50-і облыс орталығында орналасқан. Сайлау учаскелерінің 893-і азаматтардың тұрғылықты жері бойынша және 26-ы уақытша болу орындарындағы сайлау учаскелері (5 — әскери бөлімде, 1 — шипажайда, 16 — емдеу мекемесінде, 4 — уақытша ұстау изоляторында).

          Облыс бойынша интернет жылдамдығы жоғары 300-ден астам сайлау учаскелерінде еqov.kz порталы арқылы сайлаушылардың тіркелген мекен — жайын тексеру бойынша онлайн сервистер ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сайлаушыларды тізімдерден тексеру бойынша «109 бірыңғай байланыс орталығы» (Call – орталық) 24/7 режимде жұмыс жасауда. Облыс орталығы Түркістан қаласында 5 сайлау учаскелерінде дауыс беру күні тіркеуде жоқ азаматтарды анықтау және тіркеу бойынша қызметтер ұйымдастырылған. Барлық сайлау учаскелерінде заңға сәйкес сағат 07.00-де дауыс беру басталды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, облыста 1 163 860 сайлаушы дауыс береді деп жоспарланған. Науқанды бақылауға 2 229 комиссия мүшесі бекітілген. Олар учаскелердің техникалық жабдықталуын, сапалы ғаламтормен қамтылуын тексеріп, тиісті шешім шығарған. Өңірде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Облыс аумағында сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетуде. Сайлауда мүгедектігі бар азаматтар үшін жағдай жасалынған.

          Қазіргі таңда облыста 97 101 мүгедектігі бар азамат тұрады. Олардың 60 пайызы сайлауда дауыс беру құқығына ие. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін учаскелерде арнайы бұрыштар орнатылған. Одан бөлек, 36 инватакси, 42 әлеуметтік такси, есту қабілеттері нашар азаматтар үшін 101 ымдау маманы қызмет көрсетіп жатыр. Сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша Түркістан облысы сайлаушыларының 27% дауыс берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар