ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШ-ТІЛЕГІ ШЕШІМІН ТАБАДЫ
ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдауға арналған Мақтаарал аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінде, аудандық партияның аппарат штабының мүшелері Дүкенбаев Салман және кәсіби медиатор, заңгер Өмірзақов Бауыржан аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.
Қабылдауға Мырзакент кенті, Иіржар ауылдық округі және Достық ауылдық округіне қарасты Хайдар елді-мекенінен келген тұрғындар мүлік дауы, алимент өндіру, әлеуметтік қамтамасыздандыру, спорт саласы және мемлекеттен берілетін жәрдемақы бойынша өтініштер мен ұсыныстарын білдіріп келді. Қабылдау барысындағы әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттен берілетін жәрдемақы бойынша өтініштер оң шешіліп, ұсыныстар қабылданды.