9 C
Munich
Пятница, 18 октября, 2024

АУЫЛ БИЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ДАМИТЫН БОЛАДЫ

Оқылып жатыр

АУЫЛ БИЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ДАМИТЫН БОЛАДЫ

Өткен аптада аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінің залында «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігінің жиыны болып өтті.

Қазіргі кезде заңды түрде тіркеліп, Жарғысын бекітіп іске кіріскен бірлестік еліміз бойынша билер институтын қалыптастырып, олардың заң аясында жұмыс істеуін қамтамасыз етуді басты мақсат еткен. Бүгінгі күні Астанада білікті мамандар «Әділ билер» концепсиясын дайындауда. Бұл құжат республика деңгейінде қабылданады. Онда билердің жұмысы кең ауқымда сараланып, бағыт-бағдары, мақсат-міндеттері айқындалатын болады.
Мақтаарал ауданы бойынша жұмыс істеп келе жатқан 68 ауыл билері қатысқан жиынды аудандағы мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының төрғасы, еңбек ардагері, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы Қасымбек Хаметов ашып, «Әділ билер» республикалық бірлестігінің болашағы зор, алда атқаратын жұмыстары ауқымды екеніне тоқталды.
Сөзге шыққан «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрғасы Жүніс Бақтыбек қазірге дейін екі рет құрылтай жиыны өтіп, онда билердің мақсат-міндеттері кең көлемде талқыланғанына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, келесі жылы билер сайлауы өткенше Мақтаарал ауданы бойынша «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігінің төбе биіне Қасымбек Хаметов ұсынылып, бір жылға бекітілгенін айтты.
Ал ауыл билерінің үйлестірушісі болып Мырзакентте – Пердеш Есенбеков, Атакентке – Айыпберген Балтабаев бекітілді. «Бұл азаматтардың бәрі осы өңірге құрметі бар, сыйлы жандар, басшылық қызметтерде ысылып, мол тәжірибе жинаған,»-деді Жүніс Бақтыбек мырза.
Басқосуға арнайы келіп қатысқан БҰҰ Қазақстан Республикасының «Жәрдемдестік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Тастан Тастанбек Рысдәулетұлы республика деңгейінде құрылып отырған «Әділ билер» бірлестігінің жұмысын жандандырып, қалыптастырудың маңызы зор екенін атап айтты. «Жақында көршілес Өзбекстанның екі облысында болып, махалла комитеттерінің іс-тәжірибесімен таныстық. Олардың отбасыларымен жұмыс жүргізудегі үлгілі істеріне куә болдық,»-деді. Келесі кезекте сөзге шыққан Түркістан облыстық «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы және «Көмек» дағдарыс орталығының басшысы Жүсіпова Малика Әбдірашқызы отбасындағы зорлық-зомбылықтың, жұбайлардың ажырасуының көбеюі, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің пайда болуы секілді жағымсыз жәйттерге кім кінәлі деген ой тастады. «Үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, жастар тәрбиесі» толғантады деді. М.Жүсіпова жиыннан соң тұрмысы төмен бірнеше отбасына әкелген сый-сияпатын табыстады.
Жиында бірқатар ауыл билері өздерінің ой-пікір, ұсыныстарын айтып, билердің жұмысын одан әрі жақсартудың халық үшін тиімді екенін атап көрсетті.

Сәбит ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар