17.5 C
Munich
Понедельник, 2 июня, 2025

САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ӨЗ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ

Оқылып жатыр

САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ӨЗ ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ 

            Мақтаарал ауданының тұрғындары сайлаушылар тізімінен өздерін әртүрлі тәсілдермен тексере алады: интернетте немесе Senim109 бірыңғай диспетчерлік қызметіне жүгіну арқылы.
Сонымен қатар,tur.saylaw.kz арнайы сайты және @tur_saylaw_bot телеграмм каналы жұмыс істейді, онда әрбір пайдаланушы ЖСН арқылы өз учаскесін таба алады.
Сондай-ақ, интернетке қосылу проблемалары бар адамдар 109 нөміріне қоңырау шала алады. Тек өзіңіздің ЖСН номеріңізді ұсыну қажет болады. Senim операторлары сайлау процедурасы бойынша жеке сұрақтарға да жауап береді: мысалы, басқа қалада, ауруханада, вахтада және т. б. қалай дауыс беруге болатынына қатысты.
Сондай-ақ, аудан әкімдігінде сайлаушылар тізімінде азаматтарды тексеру үшін Call-орталығықұрылған.
Жергілікті атқарушы органның қызметкерлері өтініштерді қабылдап, мәселелерді жедел шешетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтеді.
Сall-орталығы:
Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты: С.Жаштаев көшесі, №96 үй,
Жұмыс телефоны:
8 (72541) 4-05-08, 8 700 341 0508
Жұмыс уақыты:
сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (жұмыс күндері)

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар