8.3 C
Munich
Вторник, 17 сентября, 2024

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН

Оқылып жатыр

ҚАРАҚАТ ӘБДЕНДІ ҚОЛДАУ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденді қолдау жөніндегі штаб жұмысын бастады. Алдымен ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізіп, нақты тапсырмалар берілді. Еліміздің 20 өңірінде біздің штаб жұмысқа дайын. Үгіт-насихат материалдарын әзірлеу, басқа да тиісті дайындық жұмыстары жүргізілді. Астана қаласындағы орталық штабта 10-ға жуық адам жұмыс істейді, – деді штаб басшысының орынбасары Берік Төребеков.Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмысы еліміздің барлық өңірінде онлайн және офлайн форматта өтеді.Сондай-ақ кандидатты қолдауға арналған ресми сайт іске қосылды. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде аккаунттар ашылды. Ол жерде штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер және үгіт-насихат материалдары орналастырылады, – дейді ол.

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕННІҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабы өз жұмысын бастады.«21 қазан күні сағат 18:00-де Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенді қолдауға арналған штаб ашылды. Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасы қабылданып, үгіт-насихат бағдарламасы бекітілді. Үміткердің өзі Қазақстанның барлық аймақтарын аралауды жоспарлап отыр. Кандидаттың 138 сенімді өкілі бар. Еліміздің 14 өңірінде штабтар ашылды, қалған аймақтарда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Астанада жұмыс орталықтандырылған түрде үйлестірілетін болады», деді штаб басшысы Әбіл Кекілбаев.Айта кетейік, Мейрам Қажыкен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі атынан Президенттікке кандидат ретінде тіркелді.

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВТЫ ҚОЛДАУ ШТАБЫ АШЫЛДЫ

Штаб басшысы Төлеутай Рахымбековтің айтуынша, Қазақстанның барлық елді мекендерін, атап айтқанда 88 қаланы, 30 елді мекенді, барлық 20 облыста орналасқан 6 мыңнан астам ауылдық елді мекендерді қамту жоспарлануда.«Біздің кандидат пен сенімді өкілдердің сапарлары «үйме-үй» форматында өтеді. Барлық іс-шаралар уақытылы жүргізіледі», деді Төлеутай Рахымбеков.Оның айтуынша, республиканың барлық 20 облысында, оның ішінде республикалық маңызы бар үш қалада кандидат Жигули Дайрабаевты қолдауға арналған штабтар жұмыс істейді. Облыстық деңгейдегі 164 ауылдық округ пен 37 қалада 222 штаб құрылды. Қоғамдық штабтар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілген.

ҚОЛДАУ ШТАБЫ ІСКЕ КІРІСТІ

Астанада Қазақста Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова штабы ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.Қатысушылар дайындық жұмыстарының барысын, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылады. Олар қазірдің өзінде ел тұрғындарына таратылатын парақшыларды, көшелер мен үй-жайларға ілінетін баннерлерді, телеарналар мен видео платформаларда көрсетілетін бейнелерді дайындаған. Сайт әзірленіп, әлеуметтік желілер іріктелген. Сондай-ақ жиналғандар өңірлерге жасайтын алдағы сапарлардың жайын да талқылады.

МАҚСАТ-МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабы жұмысын бастады. Астанада ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Іс-шараға саяси кеңес мүшелері мен белсенділер қатысты. Отырыста атап өтілгендей, сайлауалды штаб үгіт-насихат науқанын бастауға дайын. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы дайындалып, таратылатын материалдардың, сыртқы жарнаманың дизайны әзірленген. Өңірлердегі өзекті мәселелерге қатысты халықтың пікірін жинау бойынша жұмыс жүргізілген. Сайлауалды штабының басшысы Асхат Рахымжанов үгіт алдындағы жұмыстың қорытындылары туралы хабарлады. Оның айтуынша, ЖСДП кандидатын қолдау мақсатында еліміздің барлық өңірінде 121 мыңнан астам қол жиналған, оның 119 мыңы есепке алынды. ЖСДП кандидаты өзінің үгіт-насихат науқанын Қарағанды облысынан бастады.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар