8.3 C
Munich
Вторник, 17 сентября, 2024

ҮГІТ–НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРІП ЖАТЫР

Оқылып жатыр

ҮГІТ–НАСИХАТ ЖҰМЫСЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРІП ЖАТЫР

            Мақтаарал ауданында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері С.Қалдыбаев және Д.Асабаевтар ауданымыздың орталығында орналасқан «Замандастар тең қоғам орталығының» ғимаратында ардагерлермен кездесу өткізіп, үгіт-насихат шараларын атқарды. Штаб мүшелері Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамалары мен жоспарлары туралы жиын қатысушыларына кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ, елді дамыту жолында аталған кандидаттың айналасына халықты топтастыру керектігін жеткізді. Үгіт-насихаттық кездесуде Президенттікке кандидаттың сенім білдірген өкілдеріне жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар берілді.
***
Мақтаарал ауданында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдірген өкілі, облыстық мәслихаттың депутаты Ұлжанат Серікбайқызы және аудандық штаб өкілдері Қадір Тұранұлы, Сейтбек Оңғаров, Суннат Қаһраманұлы Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, үгіт-насихат шараларын атқарды. «Жаңажол» жалпы орта мектебінің акт залында өткен жиынға ауыл тұрғындары қатысты.

“Біздің басты міндетіміз – Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын әрбір сайлаушыға жапн-жақты түсіндіру, жүрегіне жеткізу»,-деді Ұ.Серікбайқызы.Үгіт-наисхаттық кездесуде Президенттікке кандидаттың сенім білдірген өкілдеріне жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.
***
Мақтаарал ауданында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдірген өкілі, облыстық мәслихаттың депутаты Жарқынбек Қанаев Достық ауылдық округі, Хайдар ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, үгіт-насихат шараларын атқарды. Айни атындағы жалпы орта мектебінің акт залында өткен жиынға ауыл тұрғындары қатысты. Ж.Қанаев Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамалары мен жоспарлары туралы тұрғындарға кеңінен түсіндірді. Әрбір бастама елді кемелді келешекке бастайтынын айтты. Сондай-ақ, елді дамыту жолында аталған кандидаттың айналасына халықты топтастыру керектігін жеткізді. Үгіт-насихаттық кездесуде Президенттікке кандидаттың сенім білдірген өкілдеріне жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар берілді.
***
Мақтаарал ауданында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдірген адамдары білім беру саласының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, үгіт-насихат шараларын атқарды. Аудан орталығы Мырзакент кентіндегі Пушкин атындағы мектебінде өткен кездесуге облыстық мәслихаттың депутаттары Жарқынбек Қанаев, Ұлжанат Жұрымбетова және аудандық мәслихаттың депутаттары Қадір Сәрсекбаев, Гүлмира Орақбаевалар қатысып, Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамалары мен жоспарлары туралы түсіндірді. Сондай-ақ, елді дамыту жолында аталған кандидаттың айналасына халықты топтастыру керектігін жеткізді. Үгіт-насихаттық кездесуде Президенттің сенім білдірген өкілдеріне жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар берілді.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар