ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫ АШЫЛДЫ
Мақтаарал ауданында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аудандық қоғамдық штабы ресми түрде ашылды.
«AMANAT» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында өткен жиында партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық қоғамдық штабының төрағасы Мұхтар Кенжетайұлы Сарсенов модераторлық жасап, штабтың қызметі туралы және оның мүшелері жөнінде толық таныстырып өтті.
«Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Мақтаарал аудандық қоғамдық штабының ашылу шарасында Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Ағымдағы жылдың 6 қазанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалиция атынан кезектен тыс Президент сайлауына қатысатынын мәлімдеп, оны коалицияға енген 20-дан астам үкіметтік емес ұйымдар мен еліміздің 3 саяси партиясы бірауыздан қолдады» — деді Мұхтар Кенжетайұлы.
Мақтаарал аудандық қоғамдық штаб құрамы 32 адамнан тұрады.Сайлау науқанында штабтың жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру үшін құрамында 11 адамы бар ұйымдастыру штабы құрылды. Бұл штабта ұйымдастыру, саяси, қоғамдық қабылдау, заңгерлік бөлімдері мен баспасөз қызметі жұмыс атқарады.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2022 жылы 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап үгіт-насихаттық кезең басталды. Осы орайда, аудандағы 7 орынға баннер ілінді және үгіт құралдары таратылуда.
Жиын соңында аудандық қоғамдық штабының төрағасы М.Сарсенов барша штаб мүшелерін үгіт-насихат науқанына белсенді түрде қатысуға шақыра отырып, жиынды аяқтады.
«AMANAT» партиясы
Мақтаарал аудандық филиалы.