ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ!
2022 жылы 18 қазан күні «Мақтарал» мәдениет үйінде «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында семинар өтті.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту арқылы күйзелістен арылу дағдысын қалыптастыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету және позитивті сөздер мен ойларды күнделікті қайталау арқылы адамның ойын жақсы арнаға бұруына көмек беру, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ішкі сезімдерімен жұмыс жасауға дағдыландырып, өз бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесудің маңызы зор.
Семинарды ашқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі маңызды» -деп көрсетсе, Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұратбек Төлепұлы Серикбаев өз сөзінде: «Ата-ана, мектеп, оқушы – үштік одағының жұмысын жандандыру үшін ата-аналарды белсенді болуға шақырды. XXI ғасырда әр адам үшін интеллектуалды қабiлет қандай қажет болса эмоционалдық қабiлет те сондай қажет екенін, күнделікті тiршiлiкте, үйде, жұмыста адам үшін аса маңызды рөл атқаратын, таптырмас құрал» — деп айтып өтті. Семинарда «Отбасылық құндылықтарды нығайту» — тақырыбына В.Комаров атындағы №7 ЖОМ-нің педагог- психологы М.Қонысбекова; «Жасөспірімдік жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез құлқындағы олардың көріністері» – такырыбына Абылайхан атындағы №2 ЖОМ-нің педагог- психологы А.Каримбаева; «Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» — тақырыбымен №34 «Бірілік» ЖОМ-нің педагог-психологы А.Алтынбекова слайдты сүйемелдеу арқылы баяндама оқыды. Тақырыптарға сай видео-таныстырылым көрсетілді. «Жасөспірімдер ортасына деструктивтік діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары»- тақырыбына «Жаңа жол» жалпы орта мектебінің педагог-психологы Ғ.Сейдуалиева слайдты таныстырылым арқылы баяндама оқыды. Семинардың практикалық бөлімінде әдіскер-психолог М.Нуртаева «Арт терапия: шығармашылық арқылы адамның психоэмоционалды жағдайына әсер ету» — тақырыбында арналған тренинг, супервизиялар, психологиялық жаттығулар, ән-терапия өткiздi.
Түркістан облысының ата-аналар ассоциясының төрайымы Ақбаян Төлбасықызы семинарға қатысқан ата-аналар және қатысушыларға жалынды сөздер айтып, шабыттандырды. Отбасындағы ата-ананың әр сөзі, іс-әрекеті баланың көңіл-күйіне тікелей әсер етуші фактор, сондықтан «Саналы ата-ана — саналы ұрпақ кепілі» — деп айтып кетті.Бөлім басшысы М.Серикбаев аудандағы білім саласында психологияны дамытуға атсалысып жүрген мектеп психологтарына Алғыс хат табыстап, жұмыстарына табыс тiледi. Семинарды қорытындылау кезінде аудандық әкелер мектебінің төрағасы Ш.Бәйтен «Семинардың тақырыбы мен мазмұны қазіргі уақытта өзекті екеніне тоқталып, сана өзгермей адам өзгермейді» — деп жылы лебізін білдірді. С.Айни атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ш.Бабаев «Семинар – жоғары деңгейде өткенін, осы семинар материалдарын аудан мектептері арқылы барлық ата-аналарға таратылса» — деп, ұсынысын айтты.Қатысушылар өткізілген семинарға ризашылық білдіріп, көтеріңкі көңiл-күймен қайтты.
Олжас ҚАЛДЫБАЙ.