-0.2 C
Munich
Пятница, 22 ноября, 2024

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ

Оқылып жатыр

 

САДАҚ АТУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Жуырда Мырзакент кентіндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион аумағында ашық аспан астында «Мырзакент» садақ ату кешені ашылды. Бұл еліміздегі аудандар арасында ашылған тұңғыш кешен. Мұнда балалар мен ересектер ұлттық спорт түрімен еркін айналыса алады.

Орталық стдаионының аумағында орналасқан нысанның ашылуына аудан әкімі Б.Асанов аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаев, аудан әкімі орынбасарлары мен бөлім басшылары, аудан ақсақалдары, жастар, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Садақ ату бұл біздің қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылады. 1900 жылдан бастап бұл спорт түрі жазғы Олимпиада ойындарына енген. Содан бері біздің қаншама спортшылары-мыз спорттың осы түрінен Олимпиада, әлемдік жарыстарға қатысып келеді, қаншама жүлделерге ие болды.
Дәстүрімізді жаңғыртып, рухымызды оятып, мақтааралдықтарға садақ атуды үйрететін кешенді ашуға қожалық төрағасы, жеке кәсіпкер Жанболат Жақсылықұлы демеушілік көрсетті.
Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов, еңбек ардагері Шадияр Бәйтен ақсақал, Жанболаттың әкесі Жақсылық ақсақал ізгі тілектерін білдірді. бата берді. Мұнан соң кешеннің лентасын қиды. Ашылу салтанатынан соң іс-шараға қатысқан көпшілік садақ атты. Іс-шарада әннен шашу шашылды.

Жалғас АДЫРБЕКОВ.

Алдыңғы мақалаЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АКЦИЯ
Келесі мақаладаАТА-АНА. МЕКТЕП. ОҚУШЫ.
- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар