МАҚТААРАЛДЫҚ АМАНАТШЫЛАР
БІР ТУДЫҢ АСТЫНА ЖИНАЛДЫ
25 қазан — Республика күніне орай «Amanat» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ұйымдаструымен «Бір тудың астында» жалпы ұлттық акциясы өтті.
Патриотизмді насихаттаған іс-шараға аудандық партия филиалының бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен партияның белсенді мүшелері, жастар рухының жастары қатысты.
Жиында партия филиалының атқарушы хатшысы Мұхтар Сәрсенов барша жерлестерімізді ұлттық мерекемен құттықтап, тұрғындарды алдағы саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.
«Бүгін 13 жылдан кейін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күні мемлекеттік деңгейде атап өтілуде. Партиямыздың аудандық филиалы тарапынан да түрлі іс-шаралар ұйымдастырудамыз. Бүгінгі акция соның бір дәлелі. Мәртебемізді асқақтатып, ұлттығымызды ұлықтайтын айтулы мереке еліміздің әрбір шаңырағына шаттық алып келсін!» — деді Мұхтар Кенжетайұлы.
Айта кетейік, акция аясында Әнұранымыз шырқалып, Көк байрағымыз көкте желбіреді.