3.5 C
Munich
Вторник, 3 декабря, 2024

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Оқылып жатыр

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілдермен қанағаттан-дыруды көздейді.Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі — мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді.
Мемлекеттік қызметші — Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге,мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге міндетті.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылған сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзгеде адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауы тиіс. Мемлекеттік қызметші шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге,іскерлік әдепті және ресми мінез құлық және тағы да басқа қағидаларды сақтауға тиіс.
Кодекс талаптарына сәйкес халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлықтарына үлкен мән берілуде. Бүгінгі таңда, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту мақсатында, барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметте өзара қарым қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, консультациялық кеңестер беріліп отырады. Сол себепті, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексі және «Қазақстан Республикасының мемелекеттік қызметі туралы»,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының талаптарын қатаң сақтап, мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.
Нұрбол САТТАРОВ,
аудан әкімінің орынбасары.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар