15 C
Munich
Воскресенье, 8 сентября, 2024

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ІРІ КОМПАНИЯ БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН АШУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

Оқылып жатыр

Мақта-тоқыма кластерімен айналысатын өзбекстандық ең ірі компаниялардың бірі — «Global textile» компаниясы биылдан бастап Мақтаарал ауданының нарығында жұмыс істеуге кірісті.

Қазіргі таңда аудан әкімдігімен бірлесе отырып сапасына кепілдік берілген мақта тұқымын шаруаларға тарату, ол үшін заң аясында қажетті келісім-шарттар жасасу жұмыстары жүргізілуде.
Биылдың өзінде аталған компания Мақтаарал ауданында 2-3 мың гектарға жуық жерге өзбекстандық «Сұлтан» және «Наманган» тұқым сорттарын жеткізуді және күзге қарай аталған сорттардың мақта талшығын сатып алуды жоспарлап отыр.
Өткен сейсенбі күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Global textile» компаниясы мен мақтааралдық шаруалар кездесу өткізіп, өзара пікір алмасты.
Жиынға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров ауданның негізгі шаруашылығы саналатын мақта саласын дамыту және мақта талшығының бағасын тұрақтандыру үшін аудан басшылығы тарапынан инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Облыс басшысы Д.Сатыбалдының және аудан басшылығының қолдауымен ауданымызға келген инвесторлардың бірі — осы «Global textile» компаниясы екенін айтты. Сондай-ақ, ауданға инвестиция тарту бойынша жұмыстар өз жалғасын табатынын еске салды. Іс-шарада компанияның өкілі Дәулет Тұрсынбаев арнайы презентация жасап, «Global textile» компаниясының тарихы, қазіргі жағдайы және алдағы жоспарлары туралы кеңінен мәлімдеме жасады. «Global textile» компаниясы мақтаның шитінен бастап жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі аралықтағы кластерді толық қамтитынын, қазіргі уақытта компанияның Ташкент қаласы мен Ферғана облысындағы 15-ке жуық кәсіпорындарында жалпы саны 5 мыңнан астам адам жұмыс істейтінін компания өкілі атап өтті.
«Кәсіпорынның ендігі мақсаты — Мақтаарал ауданында 2 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтитын 5 ірі кәсіпорынды іске қосу. Ол үшін 2023-2027 жылдарға арналған «Global textile. Turkistan» жобасын дайындадық. Құны 45 миллион долларды құрайтын жоба аясында логистика хабы, мақтаны бастапқы өңдеу зауыты, трикотаж мақта фабрикасы, мата бояу фабрикасы және тігін фабрикалары іске қосылатын болады,” — деді компания өкілі.
Жиын соңында шаруалар тарапынан компания өкілдеріне сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар