1.2 C
Munich
Суббота, 23 ноября, 2024

САУРАНДА КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП КЕҢЕСІ ӨТТІ

Оқылып жатыр

Жуырда  Түркістан облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі Кеңестің жылдық жоспарына сәйкес, Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының бірінші басшылары және Әдеп кеңесінің төрағаларының қатысуымен Сауран ауданында кезекті көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа Кеңес мүшелері: Түркістан облыстық мәслихатының депутаты- белгілі айтыскер «Алтын домбыра» иегері Шойбеков Бекарыс Ақсақалұлы, комиссия мүшесі тарихшы, өлкетанушы, ұлағатты ұстаз Өмір Шыныбекұлы, «Turkistan Media Holding» басқарушы директоры-Бейсенов Тельман және
мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, Әдеп кеңесінің төрағалары мен Кеңес мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде ең бірінші «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» жұмыстарын ұйымдастыру және білім беру мекемелерінде құрылған Әдеп кеңестерінің жұмыстарымен танысу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, педагог әдебі талаптарына жат келетін іс-әрекеттердің орын алуына байланысты жазылған арыздар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиында педагогикалық әдеп кеңесінің төрағасы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы Сауран ауданындағы білім беру ұйымдарында «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарына қайшы келетін іс-әрекеттері бойынша баяндама жасап, Кеңес мүшелеріне жеке-жеке сөз беріп. Қоғамымызда орын алып жатқан педагогтарға тиісті жат қылықтар жөнінде пікірталас өткізді.

Жиынға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарын қойып, Кеңес мүшелерінен көкейге қонымды жауаптарын алды.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар