1.1 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА БІЛЕЙІК

Оқылып жатыр

Біздің өңірдегі суармалы жерлерді ұтымды пайдалану және топырақтың агромелиоративтік жағдайларын жақсарту бойынша, заманауи кешенді агромелиорациялық технологияларды өндіріске ендіру, қазіргі таңда өзекті мәселеле болып отыр.

Мырзашөл даласының суармалы егіншілік жағдайында, минералданған жер асты суларының деңгейі көтеріліп, көптеген жылдар бойы, топырақтың екінші тұздануы белең алып, топырақ сортаңдануына соқтырып отыр, Бұл келеңсіз жағдайлар, топырақтың құнарлылығын төмендетіп, мақта және басқа ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігіне кері әсерін тигізіп келеді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамытудағы мәселелерді шешудің негізгі құралдары, ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты өндіру, топырақ құнарлылығын жоғарылату, егіншіліктің қарқындылығы мен экономикалық тиімділігін жоғарылату болып табылады. Мұндай шаралар егіншілік жүйесінің негізгі элементтерін оңтайландыру мен ары қарай жетілдірумен, соның ішінде топырақты өңдеумен тікелей байланысты болады
Жерге күтім болмаса, ол дұрыс және ұтымды пайдаланылмаса — топырақ эрозиясы мен деградациясының күшеюіне әкеледі. Топырақ эрозиясы – топырақтың бұзылуының негізгі және ең қауіпті себептерінің бірі. Әртүрлі кері жағдайдан болатын, топырақ эрозияның салдарынан, топырақ жағдайының нашарлауы, қазіргі таңда ауқымды жерлерді алып жатыр.
Су және жер қорларын ұтымды пайдалану мақсатында, «Мақта және бақша дақылдарының ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ғалымдары, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру арқылы, мақта және де басқа ауылшаруашылығы дақылынан жоғары өнімділікке қол жеткізу және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, өндіріске қарқынды әзірлемелерді енгізіп келеді. Жоғары экономикалық нәтиже беретін су қорларын үнемдейтін технологияларды дамытпай, жоғары тиімді ауыл шаруашылығы өндірісіне қол жеткізу мүмкін емес.
Қазіргі таңда ауылшаруашылығы егістік жерлерді ұтымды пайдалану және оның тиімділігін арттыруда, ауыл шаруашылығы алқаптарын лазерлік тегістеу әдістерін қолдану өте қарқындылық танытып отыр. Ауыл шаруашылығы егістігінде, жерді тегістеудің негізгі мақсаты – ағын суды үнемдеу, алқаптағы тегіс емес жерлерді реттеу, тегіс жерлерді ұтымды суару арқылы, зиянды тұздар құрамын төмендету және жүргізілетін агротехнологиялық шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Ағын су тапшылығы жағдайында, судың үнемдеп суарылуы, толық өскіндердің біртегіс өніп шығуы, минералды тыңайтқыштарды топыраққа ұтымды ендірілуі мақсатында — егістік алқаптарды лазерлік тегістеу технологиясы өте қарқындылық танытады.
Топырақты лазерлік тегістеу технологиясы, барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өте тиімді. Сапалы тегістелген жерлерде, біріншіден сор шаю кезінде, жер біртегіс суарылып, тұздар біртегіс шайылады, су мөлшері үнемделінеді және суару уақыты қысқарады. Мақта және басқа ауылшаруашылығы тұқымдары, топырақта біртегіс себіледі, тыңайтқыштар біртегіс тереңдікке ендіріледі, топырақта оңтайлы су және қоректік ережелер қалыптасады, топырақта біртегіс ылғалдылық орын алады, нәтижесінде өсімдіктердің біркелкі өсуімен қатар, өсімдіктердің қолайлы дамуы мен ерте пісуі қамтамасыз етіледі. Топырақтың тұздануын және эрозиясын болдырмайды және пестицидтерді қолдану деңгейін төмендетіп, жоғары сапалы өнім алуды арттырады.
Қазіргі кезде, тегіс емес жерлерде, топырақтағы зиянды тұздар қарқынды шайылу үшін, бір гектар жерге, кемінде 5 — 6 палдар алынады, ал жақсы тегістелген жер болса, 1,5 — 2,0 гектарға 1 ғана пал алынып, тиімді суаруға қол жеткізіледі. Мысалы тегістелмеген алқапта, өсімдіктер ылғалдың жетіспеуінен тіршілігі тоқтап қалады, ал ойлы-қырлы жерлерде, судың толып қалу себебінен, зиянды тұздар құрамы сол жинақталады, ал өсімдіктер, зиянды тұздар мен суға тұншығу әсерінен өспей қалады. Осының бәрі қорыта келгенде, егістік өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Жақсы тегістелген жерлерде, ерте көктемдегі топырақты тырмалау кезінде, топырақ тырмалауға дайын болса, барлық егістік алқаптарын бір кезеңде — бір мезетте тырмалауға қол жеткізіледі.
Инновациялық лазерлік тегістеу технологиясы — су және жер қорларын тиімді пайдалану мен үнемдеуге қарқындылық танытады. Бұл технология жоғары өнім алуда экологиялық таза ауыл шаруа-шылығы өндірісін арттыруда үлкен үлес қосады.
Инновация тиімділіктері: — суландыру суының үнемделуі 25-30%; — топырақтағы зиянды тұздар құрамының төмендеуі 25-30%; — топырақтың біркелкі ылғалдануының артуы 30%; — суару уақыты, еңбек және энергия шығындары қысқарады; — мақта өскіндерді топырақ бетіне біркелкі бой көтереді; — мақта қозасының өнімі 3,5-4,0 ц/га артады; — жалпы тиімділік 10%-ға артады.
Жерді тегістеу жұмыстары қарқынды жүргізілсе, оларды жүзеге асыруға кететін шығындар әрқашан жоғары және тұрақты өнім алу және суармалы суды айтарлықтай үнемдеу арқылы өтеледі. Сондықтан да суармалы жерлерді лазерлік тегістеудің инновациялық әдісі, суармалы су тапшылығы жағдайында, топырақты ұтымды пайдалану және дақылдардан жоғары өнімділікке қол жеткізу мақсатындағы — міндетті және тұрақты іс-шара болып саналады.

А.ТАҒАЕВ,
ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар