9 C
Munich
Пятница, 18 октября, 2024

“ДОСТЫҚТАҒЫ” КАНАЛДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Оқылып жатыр

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Достық ауылдық округінде болып, осындағы ең биікте орналасқан К-19 каналының мәселесімен тереңірек танысты.

Жиынға ауыл шаруашылығына және ағын суға жауапты басшылар мен мамандар, ауылдық округ әкімі және шаруалар қатысты. 3900 гектар егістік алқапқа ағын су жеткізетін каналдың сыйымдылығы 4 м3/с құрайды. Ағын су арнасында 0,5 кубтық 2 бірдей насос орнатылған. Аталған насостар 98-пикеттегі судың деңгейі 180 сантиметрге түсіп кеткен жағдайда ғана қосылады. Қазіргі таңда су деңгейі 210 сантиметрге жетіп, К-19 каналына насостарсыз-ақ 1,9 м3/с ағын су келіп тұр.
Аудан басшысы аталған каналдан су алатын шаруаларға шұғыл түрде мақта алқаптарын жаппай суару керектігін ескертті. Жауапты басшыларға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырып, шаруаларды ертерек мақта суғаруға шақыру керектігін тапсырды.
«Мұнда вегетациялық науқан өте төмен деңгейде жүргізілуде. Каналдан ағын су ішетін 2700 гектар мақталық алқаптың 250 гектары ғана су ішкен. Тамыз айында ағын су жетіспеушілігі орын алады. Сондықтан, барлық шаруаларды шұғыл түрде мақталық алқаптарды суғаруға шақырамын» — деді Бақыт Насырханұлы.
Жиын барысында шаруалар өз ұсыныстарын айтып, аудан әкіміне сұрақтар қойды. Мәселен, вегетациялық науқан кезінде су деңгейі түсіп кетсе жоғарыда аталған 0,5 кубтық 2 бірдей насостар қосылғанның өзінде егістік алқаптарға су жеткізу қиындай түседі. Сондықтан, мәселені шешу үшін қосымша насостар қажет етіледі.
Мәселенің анық-қанығымен толық танысқан аудан басшысы тиісті сала басшыларына арнайы тапсырма беріп, қосымша насостарды сатып алу, орнату бойынша шұғыл әрекет жасау керектігін атап өтті.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар