ТАЯУДА СПОРТ САРАЙЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ
Аудан әкімі Бақыт Асанов Мырзакенттегі құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу қалған спорт сарайымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс нысанының ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Тамыз айында пайдалануға берілетін нысан аудан жастарының көптеген спорт түрлерімен кәсіби деңгейде айналысуына мүмкіндік береді. Спорт сарайы екі қабаттан тұрады. Мұнда 2 үлкен спорт залы, жаттығу залы және сабақ өтуге арналған арнайы залдары бар. Бірінші қабаттағы спорт залында спорттың гандбол, баскетбол, волейбол түрлері дамытылатын болады. Ал, екінші қабаттағы спорт залында күрес, бокс, гимнастика, ауыр атлетика, жеңіл атлетикамен айналысуға барлық жағдай қарастырылады. Бұдан бөлек, әкімшілік қызметкерлеріне арналған кабинеттер мен бөлмелер, дәрігерлердің кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, спортпен шұғылданушылардың демалуына арналған үй-жайлар, санузельдер және ғимарат сыртында автотұрақ пен шағын футбол алаңшасын орналастыру жоспарланған.
Аудан басшысы құрылыс нысандарының жобалық-сметталық құжаттамаға сәйкес сапасын тексеріп, кейбір орын алған кемішіліктер бойынша ескертулер жасады. Сондай-ақ, нысанды өз уақтыныда тапсыру керектігін атап өтті.
Д.АЯЗБЕКОВ.
- Advertisement -
- Advertisement -