8.3 C
Munich
Воскресенье, 6 октября, 2024

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ФОРУМЫ

Оқылып жатыр

Астана қаласында 2500-ден астам мәслихат депутаттарының басын біріктірген үлкен масштабта өткен «AMANAT» партиясының І форумына Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан делегат ретінде қатыстық.

«Әділет пен адалдық – ажырамас ұғымдар. Ал осы ұғымдардың салтанат құруы үшін қоғамдық сана мен әлеуметтік құндылықтар өзгеруі керек. Сонда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз. Бұл бізге де қатысты. Осы жолда «AMANAT» партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс. Халықтың сенімі бізге күш береді. Сол сенімнің арқасында, өткен сайлауда Мәжілісте де, мәслихаттарда да басым дауысқа ие болдық. Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсындық. Министрлерді тағайындадық. Мәслихаттағы фракцияларымыз облыстар мен мегаполистердің әкімдерін тағайындады», – деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Спикері, «АМАНАТ» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов.
Форумнан кейін мәслихат депутаттары түрлі сала бойынша жауапты министрлермен кездесіп, аймақтардағы өзекті мәселелер талқыланды.
Біздер өз кезегімізде цифрлык даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі тобының панельдік сессиясына қатысып, пікір алмастық. Аталмыш форум жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.
Ең бастысы, бұл форум мәслихат депутаттары тарапынан тікелей Үкімет мүшелеріне аудандағы қордаланған мәселелерді баяндауға, оңтайлы шешілу жолдарын пысықтауға мүмкіндік берді.
Мұхтар СӘРСЕНОВ,
«AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар