1.2 C
Munich
Суббота, 23 ноября, 2024

АТАКЕНТТЕ 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Оқылып жатыр

Мақтаарал ауданы Атакент кентінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1500 орындық мектептің құрылысы басталды. «Самұрық қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен салынып жатқан алып нысан 2024 жылдың соңында пайдалануға берілетін болады.

Өткен аптаның соңында «Самұрық қазына» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері Ербол Ахмет пен Сәкен Әшірбай Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, нысанның құрылысымен танысты. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша мектептер салынатын басқа да елдімекендерге барып, жер телімдерін көрді. 1500 орындық мектептің бас жобалаушысы «Envicon-a» ЖШС-і болса, құрылысын бас мердігер «Bazis Construction» ЖШС-і жүргізуде. Құрылыс нысанының аумағы 4 гектардан астам жерді құрайды.

Жайлы мектептерде пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуларына, түрлі үйірмелерге қатысуына, спортпен айналысуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалатын болады.
Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Мақтаарал ауданында жалпы 5 мектептің құрылысы жоспарланған. Нақтырақ айтар болсақ, Атакент кентінде 1500 орындық және 900 орындық мектептердің құрылыстары, Жамбыл ауылдық округі, Абай елдімекенінен 900 орындық мектеп құрылысы, А.Қалыбеков ауылдық округі, Үлгілі елдімекенінен 600 орындық мектеп құрылсы және Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елдімекенінен 300 орындық мектептің құрылыстары жүргізілетін болады.

Д.АЯЗБЕКОВ.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар