9 C
Munich
Пятница, 18 октября, 2024

Мақтааралдық жеткіншек Әлем Чемпионатында күміс жүлде алды

Оқылып жатыр

2021 жылдың 24-қараша мен 03-желтоқсан күндері аралығында Румыния елі, Бухарест қаласында 42-ші Армрестлингтен жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында Әлем Чемпионаты өтті.   Мақтаарал ауданының №2 БЖСМ-нің шәкірті Мырзабеков Қанат Ғалымұлы жас жеткіншектер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.

42-ші Әлем чемпионатына Қазақстан құрама командасы сапында Мақтаарал аудандық №2 БЖСМ –нің қол күресі бөлімінің оқушысы Мырзабеков Қанат Ғалымұлы жас жеткіншектер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарын тізі бүктіріп, күміс жүлдегер атанды.

Жас спортшыны шыңдап тәрбиелеп жүрген қол күресінен бапкерлерді Тұрсынқұлов Дәулет пен Дауылбаев Еркебұланды спорт мектебінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз.

Бапкерлерге өздері тәрбиелеп отырған шәкірттері алдағы жарыстарда биік белестерді бағындырып Еліміздің көк байрағын үлкен ареналарда желбіретіп, ауданымыздың абыройын асқақтата берулерін тілейміз.

Мақтаарал аудандық №2 БЖСМ әдіскері Өмірәлі Сапарбаев

 

Алдыңғы мақалаШүкір Шахайдан хат!
Келесі мақаладаТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ
- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар