1.2 C
Munich
Суббота, 23 ноября, 2024

ЖОЛДАУ ЖАҢАША СЕРПІН БЕРДІ

Оқылып жатыр

ЖОЛДАУ ЖАҢАША СЕРПІН БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру» атты Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетті, еркін, ашық сипатта болуы тиіс деп атап көрсетті. Бұл кәсіби журналистердің қатарын көбейтіп, шеберлігін шыңдай түседі. БАҚ билік пен халық арасында тиімді байланыс орнатып, елдегі қордаланған мәселені дер кезінде көтеруге міндетті. Мұны жоғары азаматтық жауапкершілікпен атқару керек деді. Әрбір журналист өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуы тиіс. БАҚ-тың төртінші билік мәртебесіне ие екенін айта келіп, халықтың санасы мен сезіміне ықпал ету мәселесіне де мұқият қарау қажеттігін еске салды.

Тағы бір аса маңызды мәселе – Президент мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескеріп, БАҚ туралы заңды қайта қарау қажеттігін айтты. Заң журналистиканың алға жылжуына, дамуына үлкен септігін тигізер еді деп ойлаймын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру жолында тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екенін атап айтты. Президенттің бұл сенімі журналистер қауымына үлкен жауапкерлік жүктеп отыр.

Жолдаудан жаңаша серпін, ерекше шабыт, зор күш-қуат алып отырмыз.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ,

«Мақтаарал» газетінің бас редакторы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар