3.5 C
Munich
Вторник, 3 декабря, 2024

МАҚТААРАЛДЫ ЖАҢБЫР СУЫНАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Оқылып жатыр

МАҚТААРАЛДЫ ЖАҢБЫР СУЫНАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мақтаарал ауданын жаңбыр суынан тазарту жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатта 198 бірлік жеке құрам мен 27 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Оның ішінде 10 экскаватор, 3 малютка, 2 камаз, 1 манипулятор, 7 ассенизатор және 4 өзге де техникалар жұмыс істеуде.

Жергілікті мемлекеттік органдар және облыстық, аудандық төтенше жағдайлар қызметіне тиесілі 63 бірлік мотопомпалар және жеке кәсіпкерлер, аудан тұрғындарына тиесілі 150-ден астам су сору құралдары жаңбыр суын аумақтардан қашыртуда.

Су қашырту мақсатында ұзындығы 12 км-ге жуық арық-атыздар қазылып және тазаланып, қазіргі жағдай бойынша 58050 куб. су аумақтардан тартып шығарылды.

Аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі штабтың тынымсыз жұмысының нәтижесінде қазір ауданда жағдай тұрақталған. Ауданның ірі коллекторларында судың деңгейі айтарлықтай түскені байқалады.

Айта кетейік, ауа-райы болжамы алдағы 4 күнге жауын жаумайтынын көрсетіп тұр. Дегенмен, жаңбыр суын қашырту жұмыстар жалғаса береді.

 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар