3.5 C
Munich
Вторник, 3 декабря, 2024

ДАМУДЫҢ ЖАҢА ҮРДІСІ

Оқылып жатыр

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент сайлауында бәсекелестік пен азаматтық белсенділіктің жоғары болғанын атап өтті. Соның нәтижесінде Мәжіліске қазақстандық қоғамның бүгінгі идеологиялық көзқарасын білдіретін алты партия өтіп отыр.


Ал депутаттардың бір мандатты округтер бойынша және өзін-өзі ұсыну арқылы сайлануы Парламентте әртүрлі әлеуметтік топтың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздің жаңа кезеңдегі даму басымдықтарын белгілеп, Парла-менттің алдына нақты міндеттер қойды. Соған сәйкес жоғары өкілді орган еліміздің қарқынды дамуы үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыруы керек. Ең бастысы, Президент халықтың әл-ауқатын арттырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолында өзі бұған дейін ұсынған негізгі қағидаттарға арқа сүйейді. «Бұл қағидаттар – заң үстемдігі, ел бірлігі, әлеуметтік жауапкершілік және ішкі саяси тұрақтылық».
Алда тұрған міндеттердің бірі – кәсіпкерлікті экономиканың қозғаушы күшіне айналдыру. Сондықтан іскерлік белсенділікті ынталандыру қажет. Ол үшін шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың тиімді шаралар кешенін қолға алған жөн. Осыған орай, Мемлекет басшысы Үкімет пен депутаттық корпусқа тиісті міндеттер жүктеді.Сонымен қатар Президентіміз жекеменшікті қорғау нарықтық экономиканың негізі екенін ескеріп, сот және құқық қорғау жүйесін реформалауды жалғастыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыруға және инфрақұрылымды дамытуға қатысты ұстанымдарды қайта қарау аса маңызды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам капиталының сапасын арттыру, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарды қолдау мәселелері де басты назарда. Одан бөлек, адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру міндеті де жүктелді.
Мұның бәрі VIII сайланған Парламенттің алдында ауқымды және маңызды міндеттер тұрғанын көрсетеді.

Қалмырза БЕЙСЕНБАЕВ,
аудандық мәслихаттың депутаты.
«Амалбек ата» шаруа қожалығының төрағасы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар