0.5 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Оқылып жатыр

Мақтаарал аудандық Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының кезектен тыс LV (55) конференциясы өтіп, мәжілісті «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық партия филиалының төрағасы Мұхтар Кенжетайұлы төрағалық етіп, жүргізді.

Конференцияға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихатының депутаты Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы, аудандық мәслихатының төрағасы Сәрсекбаев Қадыр Тұранұлы, конференция делегаттары, аудандық партия филиалының Саяси Кеңес мүшелері, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес мүшелері, партия филиалының жаңындағы «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, мекеме қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
– Мақтаарал ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылған жұмыстарының және «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орындалу барысы туралы;
– Мақтаарал ауданының әкіміне кандидаттарды ұсыну туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге сәйкес, Мақтаарал ауданы әкімінің атқарылған жұмыстары бойынша есебі тыңдалып, оң қорытынды берілді. Күн тәртібіндегі екінші мәселеге бойынша,аудандық партия филиалының төрағасы М.Сарсенов өз сөзінде, Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 15.09.2023 ж №403 «Түркістан облысы Мақтаарал ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы» шешіміне сәйкес, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының әкімін сайлау 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалғандығын хабарлап өтті. Осы орайда, ҚР «Сайлау туралы» Заңының 113-3-бабына сәйкес, әкім болуға кандидатты ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізетіндігін хабарлады.
Жоғарыда аталған мәселелердің негізінде, Мақтаарал ауданының әкімдігіне кандидаттар тізімінің жобасы 28.09.2023 ж өткен «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросында қалыптастырылып, конференция қарауына ұсынылып отырғандығын мәлімдеді.
Кандидаттар конференция делегаттарына және қатысушыларға таныстырылып, кандидаттарға жеке-жеке ашық түрде дауыс берілді. Дауыс берудің қорытындылары бойынша басым дауысқа Асанов Бахыт Насирханович ие болды. Дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Мақтаарал ауданы әкімінің сайлауына Асанов Бахыт Насирхановичтің кандидатурасы «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы тарапынан ұсынылды.
Қорытынды сөзді алған Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихатының депутаты Жантөреева Қалыйма Жантөреқызы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында аймақтағы атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін біртіндеп арттыру мақсатында, облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерінің сайлауын өткізуді тапсырғанын атап өтті.
Партия филиалының конференциясында барлық ұсыныстар талқыланып, тиісті қаулы қабылданды.
«AMANAT» партиясы
Мақтаарал аудандық филиалы.

Алдыңғы мақалаОБЛЫС ӘКІМІ МАҚТАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Келесі мақаладаГазет № 41
- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар