13.3 C
Munich
Вторник, 14 октября, 2025

Кітапхана қызметін жандандырудағы жасанды интеллекттің рөлі

Оқылып жатыр

Қазіргі заман – технология мен ақпарат дәуірі. Әлем күн сайын өзгеріп, адамзат баласы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып келеді. Осындай ауқымды өзгерістер білім мен ғылым саласына да жаңаша серпін беруде. Оның ішінде кітапхана қызметін жаңғырту мен жетілдіру – уақыт талабы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кітапхана – мемлекеттің ұлттық негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бейжай қарауға болмайды. Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу», – деп атап өтті. Бұл сөз – біз, кітапханашылар үшін үлкен міндет әрі айқын бағыт. Осы орайда Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыруда дәстүрлі кітапханаларды жаңа форматқа көшіру қажеттігі туындап отыр. Бұл бағытта жасанды интеллект – таптырмас көмекші. Жасанды интеллект арқылы кітапхана жұмысын тиімді, ыңғайлы, заманауи етіп ұйымдастыруға болады. Жасанды интеллект ақпаратты жылдам іздеу және сұрыптауға, оқырман талғамын талдауға, іс-шараларды ұйымдастыру ісінде көп мүмкіндіктер қолжетімді болмақ.
Кітап – баланың ой-өрісін дамытып, қиялын ұштайтын баламасы жоқ мықты құрал. Көп ақпарат қолжетімді, технология дамыған, кез келген сала креативті талап ететін заманда өмір сүріп отырмыз. Оқушының кітапқа деген махаббатын ашу үшін оның қызығушылығын, тұлғалық ерекшелігін білу міндетті. Сондықтан мектебімізде оқушылардың кітапқа деген құштарлығын, махаббатын арттыру мақсатында кітап көрмелерін, сынып сағаттарын, мектеп кітапханасына келіп түскен жаңа кітаптарды таныстыру сабақтарын, әдеби кештерді жиі ұйымдастырып отырамыз.
Бүгінгі кітапханашы – тек кітап сақтаушы емес, ол – ақпараттық кеңістіктің жолбасшысы. Заманауи технология мен жасанды интеллект – біздің басты серіктесіміз. Кітапты ұлықтап, ұлт болашағына жол сілтеу – біздің кәсіби борышымыз. Сондықтан Ел Президенті ұсынған «кітап оқитын ұлт» бастамасын жүзеге асыруда кітапханалар мен кітапханашылар алдыңғы шепте болуы тиіс.

Салтанат АЛҒИБАЕВА,
Я.Есенбеков атындағы №59 ЖББМ кітапхана меңгерушісі.

 

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар