14.7 C
Munich
Вторник, 14 октября, 2025

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫҒА ҚОЛАЙЛЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Оқылып жатыр

Қоғамның болашағы – бала, ал бала тәрбиесінің өзегі – оның ішкі жан дүниесінің саулығы мен үйлесімді дамуы. Бүгінгі таңда жасанды интеллект тек техникалық құрал ғана емес, сонымен қатар бала тәрбиесінде, оның ішінде психологиялық ахуал қалыптастыруда көмекші құрал бола алады. Жасанды интеллекттің мүмкіндіктері күн санап кеңейіп келеді. Соның ішінде қарым-қатынас орнату арқылы  баламен жекелей жұмыс жасап, оның жас ерекшелігіне, мінезіне қарай ойындар, тапсырмалар ұсына алады. Балаға бейімделген тапсырмалар беріп, сәтсіздіктен кейін ынталандыру арқылы жағымды көңіл-күйді сақтауға ықпал етеді. Алайда, ата-ана мен мұғалімдер бала жанын түсіну үшін ЖИ құралдарын дұрыс пайдаланып, оларды толықтай алмастырмай, қосымша көмек ретінде қарастыруы тиіс деп ойлаймын.

Жасанды интеллект – баланың психологиялық дамуына оң әсер ететін құрал. Ол баланың көңіл-күйін бақылап, дер кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Алайда бұл технологияны адамгершілік пен жылы қарым-қатынаспен ұштастырғанда ғана оның шынайы пайдасы көрінеді. Ең бастысы – балаға жайлы орта қалыптастырып, оның жан дүниесін танып, сырласа білуіміз керек.

Ельмира ЕШМУРЗАЕВА,

Я.Есенбеков атындағы №59 ЖББМ педагог-психологы.

Жетісай ауданы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар