3 C
Munich
Суббота, 13 декабря, 2025

АУДАНАРЛЫҚ ПІКІР – САЙЫС ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА ӨТТІ

Оқылып жатыр

Үстіміздегі жылы Жетісай ауданының мәдениет үйінде Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының Тәуелсіздік күніне орай бекітілген апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес, Жетісай және Мақтаарал аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының ұйымдастыруымен «Әділетті сайлау — дамыған қоғам кепілі, сенім мен жауапкершілік» тақырыбында ауданаралық пікір-сайыс өтті.

Мұндай іс-шара облыс деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылды Бұл басқосу сайлау комиссиялары өзара тәжірибе алмасуына, сайлау комиссияларының біліктілігін арттыруға бағытталды.

Сайысқа учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінен құрылғанШардара ауданының «Халық үні», Жетісай ауданының «Әділет»,Мақтаарал ауданының «Қазақстан» командалары қатысып, өзара бәсекеге түсті. Әрбір команда  ерекше стилде  жарқырай киініп, жарысқа үлкен дайындықпен келгендіктерін  байқатты. Олар сахнада  өздерінің бағыт-бағдарын, басты ұрандарын айтып, көрерменді шешендік қырларымен тәнті етті. Командалар әртүрлі тақырыптар бойынша пікір білдіріп, сайлау процесіне қатысты білімдерін ортаға салды. Топтар арасында қызу пікірталас пен тәжірибе алмасу болды. Әрбір қатысушы өз пікірін нақты, дәлелді және сенімді түрде жеткізе отырып, сайлау комиссияларының жұмысын жақсартуға, тиімділігін арттыруға ықпал ететін ұсыныстар жасады.

Пікір-сайыс барысында қатысушылар өздері жұмыс істейтін ауданның сайлау процесіне қатысты тәжірибелерін ортаға салып, өңірлік және облыстық деңгейде болатын сайлау өткізу үдерістерін жетілдіруге қатысты ой-пікірлерін білдірді. Осылайша, сайлау комиссиялары арасында өзара ынтымақтастық орнатылып, болашақта сайлау процесінің әділ, ашық және тиімді өтуі үшін бірқатар ұсыныстар айтылды.

Іс-шараға арнайы жұмыс сапарымен келген Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Құлажанов Қуандық Салыбекұлы, Махамбетова Гулбала Қосаққызы қатысып, пікір-сайысқа өз бағаларын беріп, іс-шараның қорытындысы бойынша үздік топтар мен белсенді қатысушыларды Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.

Түркістан облысының аумақтық сайлау комиссиясы болашақта осындай шараларды жиі ұйымдастырып, сайлау жүйесінің сапасын арттыруға, әділ сайлауды қамтамасыз етуге және комиссия мүшелерінің тәжірибесін жетілдіруге зор үлес қоса бермек.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ.

 

 

 

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар