0.6 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

Саяси реформалар жалғасады

Оқылып жатыр

Жуырда болып өткен Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы биыл алғаш рет аудан жəне облыстық маңызы бар қала əкімдерін тікелей сайлау өтетінін мəлімдеді.


Бастапқыда осындай 45 елді мекеннің басшысы анықталмақ. Содан кейін еліміздегі барлық аудан əкімдері сайланады. Осылайша, биліктің барлық институты жаңарып, тың қарқынмен жұмыс істей бастайды. Президент Қ.Тоқаев саяси үдерісті демократияландырып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте беруге уəде етіп отыр. Осы орайда, ол мына маңызды нəрсеге назар аударды. Қазақстан — осы геосаяси аймақта түбегейлі реформа жүргізіп жатқан бірден-бір ел. Кейбір адамдар, солардың ішінде саясаткерлер де бар, осындай реформалар Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп айтатынын жеткізген Мемлекет басшысы өзгерістердің бəрі ел болашағы үшін ауадай қажет екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысының айтуынша, нақты басымдықтар форматында жұмыс істеу керек. Аса маңызды мəселелерді дереу шешу қажет. Бірақ кейбір мəселені кейінге қалдыруға, ал бірқатары бойынша алдағы шешімдердің тек жобасын белгілеуге тура келеді. Əйтпесе, еңбек зая кетпек əрі қолда бар ресурстар сарқылады. Осы орайда Президент алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болатынына назар аударды. Елімізді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыру керек. Экономикаға қажетті ережелер мен қағидаларды өзгерту қажет.
«Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Монополиядан арылту жəне елімізден заңсыз шығарылған капиталды қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл елімізге орнықты, бəсекеге қабілетті ірі бизнес керек емес дегенді білдірмейді. Керісінше, қажет екені сөзсіз жəне біз оны қолдаймыз. Ірі бизнес біздің жаңа экономикалық парадигмада жаңаша жұмыс істей бастайды əрі міндетті түрде дамиды. Жалпы, ашық əрі өзін-өзі қамтамасыз ететін нарықтық экономика қалыптастыру басты басымдық болып қала береді. Осы ретте шағын жəне орта кəсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Бұл жөнінде көп айтылды. Бірақ аталған бағытта айтарлықтай ілгерілеу болған жоқ. Демек, экономикалық саясатқа өзгеріс енгізу қажет.
Шағын жəне орта бизнесті толыққанды қолдау үшін кешенді іс-шаралар қабылдау керек. Олар елімізді дамытуда маңызды рөл атқаратынын толық сезінуге тиіс. Бізге Қазақстан экономикасын дамыту жолында өзіне жауапкершілік ала алатын кəсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет. Оның бел ортасында əкімшілік ресурстарға иек артпай, кəсіпкерлік таланты мен еңбекқорлығының арқасында кəсібін табысты жүргізе алған бизнесмендер болуға тиіс. Ондай адамдар əр аймақта бар. Оларға елімізде өз бизнесін дамытуға мүмкіндік беру жəне нақты көмек көрсету маңызды. Қазақстанның қазіргі экономикалық моделі, ең алдымен, шикізат секторына инвестиция тартуға негізделеді. Сондықтан ұлттық буржуазияның негізін құрайтын орта бизнес жүйесіз дамып жатыр. Тек жекелеген аймақтарда ғана оң қарқын байқалады», — деді Қ.Тоқаев.
Еліміздің экономика, қоғамдық-саяси өміріндегі бұл өзгерістер мемлекетіміздің одан әрі қарқынды дамуы үшін жасалып отыр.

Алданияз ЖОЛДАСОВ,
Мақтаарал ауданы мәслихатының депутаты.
.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар