0.5 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ӘЖЕЛЕР ІЗГІЛІК ЖОЛЫН КӨРСЕТТІ

Оқылып жатыр

Жас ұрпақты имандылық пен парасаттылыққа тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымызды насихаттау және отбасындағы әжелер тәрбеисінің ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында Жамбыл ауылдық округі, Кеңесшіл ауылындағы мәдениет үйінде 12 сәуір күні «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Аналар сөзі – тәрбие көзі» атты аудандық әжелер байқауы өтті.

Байқауға ауданымыздың сегіз ауылдық округі мен екі кенттен алпыс жастан асқан әжелер қатысты. Байқау бес кезеңнен тұрды. Алғашқы «Сәлемдесу кезеңінде әжелер өзін-өзі таныстырып өтті. Екінші кезеңінде өз өнерлерін көрсетті. Ән шырқап, би билеген әжелер көркем сөз оқыды. Сайыстың төртінші кезеңінде мақал-мәтел айтудан жарысса, салт-дәстүр бойынша сұрақтарға жауап берді. Және соңғы кезеңінде казақтың салт-дәстүр көрініс қойып, актерлік қабілеттерін көрсетті.
Айта кетейік, сахнада салт-дәстүр бойынша көрініс қойған әжелеріміз бір бірін қайталамай, әрқайсысы әр түрлі дәстүрді терең мәнін ашып ерекше қойылым көрсетті.
Байқауға қатысқан барлық әжелер ұлттық киімдермен шығып, сахна төріне сән берді. Әжелердің дайындығын атап өткен жөн, әсіресе Өктем Батырханова әжейдің кітапты көп оқығандығы, жастарға өнеге болатын терең ойлы сөздері, Гүлжар Жанисованың салт-дәстүр бойынша көрінісіндегі көген түп, жиен құрық дәстүрі, Қыздаркүл Саржанованың суырып салма ақындығы, Қалымбетованың он саусағынан өнері тамған шеберлігі, көрермендердің ықыласына бөленді.
Әрбір әжеге көрермендер ерекше құрмет жасап, шапалақтарын аямады. «Мәдениет үйі» де көрермендерге лық толып отырды.
Әділқазылар алқасының шешімімен төмендегі орындар берілді. І орынды Мырзакент кентінен Гүлжар Жанисова жеңіп алса, ІІ орынды атакенттік Өктем Батырханова әжеміз еншіледі. Ал ІІІ орын Мақтарал ауылдық округінің тұрғыны Қыздаркүл Саржанова мен Жамбыл акуылдық округінен Майсагүл Пашаеваға бұйырды. Сонымен қатар, үш әжеге «Шебер әже», «Өнегелі әже», «Сымбатты әже» номинациялары берілді. Барлық әжелер бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
Бұл байқаудың Жамбыл ауылдық округінде өткенінің өзі ауыл тұрғындарының мәдениетін көтеру мен ауданда болып жатқан іс-шаралардан куә болғандығы қуантарлық жағдай. Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса, жастарымызға берері мол деп ойлаймын.

Шахзада ҚҰРБАНБАЕВА,
аудандық әжелер алқасының төрайымы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар