1.1 C
Munich
Четверг, 21 ноября, 2024

АЙШЫҚТЫ ӨТКЕН АПТАЛЫҚ

Оқылып жатыр

Мырзақадыр Нұрбаев атындағы №58 жалпы білім беретін мектебінде оқу үрдісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік, эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 13-17 қараша аралығында «Талаптың мініп тұлпарын, Білімге ұмтыл ұрпағым» айдарымен бастауыш сынып апталығы өтті.

Апталықта жоспарға сай 9 ашық сабақ, 4 сабақтан тыс іс-шара өтіп, бастауыш сынып оқушыларының белсенділігі арта түсті. Сабақ өткен әрбір ұстаз оқушылардың сабаққа, тақырыпқа деген қызығушылығын жеке, топтық, жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асырып отырды. Сыныптан тыс шаралар жоспарға сай уақытында өтілді. Оқушылар сыныптан тыс іс-шараға ерекше ықыласпен қатысты. Әрбір мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді. Өткізілген әр сабақты талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі қорытынды талдауда айтылды.

Қорыта келгенде, әр ұстаз білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін орындау жолында жұмыс жасап, әр оқушының тақырыпты толыққанды меңгеруіне нақты көңіл бөлуде. Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға, сауатты сөйлеп, көркем жаза білуге, өз бетінше білім алу қабілеттерін дамытуға үйретіп, өз міндеттерін атқарып келеді.

Айнаш МЫРЗАДИЯР,

«Мырзақадыр Нұрбаев атындағы №58 жалпы білім беретін мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Алдыңғы мақалаОБЬЯВЛЕНИЕ
Келесі мақаладаДін және діни идеология
- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар