0.8 C
Munich
Пятница, 13 декабря, 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

Оқылып жатыр

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТТАРЫНЫҢ
ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар. Мәслихат депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты бола алады.
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша – депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша екінші жартысы сайланады.
Республика бойынша барлық деңгейдегі 223 мәслихаттың 3415 депутаты сайланатын болады.
Мәслихаттар депутаттығына:
1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;
2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы — саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.
Аумақтық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясы.

- Advertisement -spot_img

Басқа жазбалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisement -spot_img

Соңғы жазбалар